Қазақстан мен Беларусь Арнайы операциялар күштерінің бөлімшелері таулы-шөлді жерлердегі шартты заңсыз қарулы құрамаларды іздеу және оларды жою жөнінде бірлескен іс-қимылды пысықтауда. Қазақстанның Арнайы операциялар күштері таудағы нұсқаушылардың басшылығымен беларустық әріптестер тау шыңдарына және асуларға жорықтар жасап, тауда арнайы іс-қимылды жүргізуге дайындау және оларды жүргізу мәселелерін пысықтайтын болады.
– Оқу-жаттығу Қазақстан мен Беларусь әскери ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде өткізіліп отыр. Ол басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіруге, бірлескен жоспарлау дағдыларын дамытуға, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының жеке және топтық дағдысын арттыруға бағытталған, – деп атап өтті оқу-жаттығу жетекшісі полковник Айдар Слямғалиев.
Арнайы жасақтардың тактикалық-арнайы және оқ ату даярлығы, әскери топографиядағы дағдылары мен шеберліктерін жетілдіруге, қиын жағдайда биік тауларда тіршілік ету қабілетіне ерекше назар аударылатын болады.
Қазақстан Республикасының аумағында 21 тамызға дейін өтетін бірлескен оқу-жаттығудың соңы оқ ату жаттығуының кезеңімен аяқталады.