RSS лента
---

Қазақстанның әскери-теңіз күштері Каспийде оқу-жаттығу өткізуде

  • 04.03.2022, 01:04,
  • 316
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Каспий теңізінің қазақстандық секторында әскери теңізшілер зымыран-артиллериялық корабльдер топтарын жауынгерлік жағдайда қолдану іс-қимылдарын пысықтауда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қарулы күштерде жауынгерлік оқу шаралары Қазақстан Президентінің армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Оқу-жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басшылық жасауда», — делінген министрлік мәліметінде.


Маневрлер барысында экипаждардың дайындық деңгейі жетілдірілуде. Сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторында елдің аумақтық тұтастығын, егемендігін және экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындаудағы өзара іс-қимыл тәртібі пысықталып жатыр.


«Оқу-жаттығуда теңізде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсету бойынша экипаждардың құтқару іс-қимылдарына ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек, әскери теңізшілер кемелерді диверсияға қарсы қорғау, ұшқышсыз басқарылатын аппараттар мен шартты қарсыластың катерлеріне қарсы тұру шараларын жүргізу үстінде», — деп нақтылады ведомстводан.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости