RSS лента

Қазақстан мен Украина туралы фейк тарады...

  • 23.03.2022, 16:39,
  • 762
  • 0
  • Автор:

Telegram-да тас жолмен жүріп келе жатқан әскери автомобильдер түсірілген бейнеролик таратылуда. Видео астында бұл Украинаға бара жатқан техника болуы мүмкін деп жазылған. Бұл олай емес, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

 

Шын мәнінде, кадрларда көрсетілген автомобильдер оқу-жаттығуға бар жатыр, бұл туралы толығырақ ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми Telegram-арнасында және ведомствоның ресми сайтында айтылған.


– Қазақстанның Қарулы күштерінде желтоқсаннан наурызға дейін жалғасатын қысқы оқу кезеңі өтуде. Ол мамандығы бойынша әскери қызметшілерді даярлаудан басталды. Бөлімшелерден батальондарға біртіндеп ауыса отырып, кезең-кезеңімен жауынгерлік үйлестіру және барлық деңгейлерде өзара іс-қимылды пысықтау жүзеге асырылады. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және күштер мен құралдардың тұрақты орналасу пункттерінен оқу-жаттығу полигондарына және кері бағытта қозғалуымен байланысты. Әскери техника қозғалысы өзбетінше, автомобиль тралдарымен және теміржол көлігімен жүзеге асырылады. Жауынгерлік даярлықтың қарқыны біртіндеп артып келеді. Қысқы оқу кезеңі аяқталғаннан кейін әскери бөлімшелер жекелеген батальондар мен бригадалар ауқымында жауынгерлік оқ атумен тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге кіріседі, – делінген биыл 19 наурызда министрлік сайтында жарияланған ақпаратта.


Бұған дейін ведомство қазақстандық әскердің Украинадағы қақтығысқа қатысатыны туралы қауесетті жоққа шығарған болатын. Министрліктің баспасөз қызметі қазақстандық әскери қызметшілерді Украинаға немесе қандай да бір басқа елге жіберу туралы өтініштің келіп түспегенін, тиісінше, бұл мәселе қарастырылып жатпағанын хабарлады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости