RSS лента

Таяу Шығысқа тыныштық орнамақ

  • 23.05.2021, 11:26,
  • 333
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Израиль мен ХАМАС қозғалысы бір уақытта атысты тоқтату туралы келісімге келді. Бір сөзбен айтқанда, өткен түнгі сағат 2-ден бастап екі жақ бір-біріне қару кеземейтін болып уағдаласты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тель-Авив тарапы қарсы бетке қандай да болмасын талап қоймай-ақ, тыныш өмірге оралу туралы Мысырдың ұсынысын қабылдайтын болды. Газа Секторы аймағын бақылауда ұстаған ХАМАС өкілдері де мұны жоққа шығармады. Оны Иордан өзенінің батыс бөлігінде орналасқан Палестина Сыртқы Істер министрлігі жеткізген.

 

Осылайша халықаралық ұйымдардың шиеленісті доғаруға шақырып, араға түсуі өз нәтижесін беріп жатыр. Бірақ қос тарап келісімге келгеннен кейін де зымырандардың ұшуы толастамаған.

 

Израиль қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, шекарада орналасқан тұрғындарға әзірге еркінсуге болмайтыны ескертілген. Сондай-ақ, әскерилер де шұғыл жағдайға дайын болмақшы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости