Кейде бір ғана кездейсоқ оқиға адамның бүкіл өмірін өзгертіп жібереді. Дәл осындай жағдай Қарабалық кентінің 19 жастағы тұрғыны Карина Шаяхметованың өмірінде болды. Polisiа.kz мәліметінше, 2024 жылдың басында Қарабалық аудандық криминалдық полиция қызметкері Амиржан Топалов көршісімен бірге газ тараған пәтерден әйел мен жасөспірімді құтқарып қалды. Туыстары пәтер тұрғындарына қоңырау шала алмай, бірдеңе болғанын сезіп, көмек сұраған.
Кейін анықталғандай, газ плитасының тартқышы қатып қалғандықтан газ үйге тарай бастаған, ал улы көмірқышқыл газы бөлмеде жиналып қалған. Полицей мен көршісінің батыл әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алды. Көрсеткен ерлігі үшін Амиржан Топалов "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Арада бір жылдан аса уақыт өтті. Тағдыр Топаловты Шаяхметовтер отбасымен қайта тоғыстырды – олар көрші тұрады. Қыздың анасы Кәмшат Шаяхметова полицейге шын жүректен алғыс білдірді:
Бірақ бұл оқиғаның күтпеген жалғасы бар. Сол кезде құтқарылған Карина Шаяхметова бүгінде полицияда қызметін бастаған жас маман. Колледжді аяқтап, заңгерлік білім алған соң, жастар практикасы бағдарламасы аясында сол бөлімнің көші-қон қызметіне жұмысқа орналасты — дәл сол жерде оның құтқарушысы Амиржан Топалов та қызмет етеді.
Бұл оқиға бір ғана игі істің адамның өмірлік жолына қалай әсер ететінінің және жақсылықтың міндетті түрде қайтып келетініне нақты дәлел.