RSS лента

Адам етін жеді деген айып тағылды...

  • 29.07.2024, 09:02,
  • 798
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com, "The Sun"

2014 жылы мұхиттан 438 күннен кейін құтқарылған және адам етін жегені үшін айыпталған сальвадорлық барлық айыпты жоққа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 

Ер адамның сөзін АҚШ-тың бұрынғы елшісі де растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Теңізші Хосе Альваренга 2012 жылдың қараша айында жанына Эзекиэль Кордоба есімді адамды ертіп алып, 30 сағаттық балық аулауға шыққан. Бір уақытта дауыл басталып, қайық жабдықтарының көбі істен шығып, екі ер адам теңіз толқынымен жүзіп кеткен. Жолда олардың азық-түлік қоры таусылған.  

 

Альваренганың аман қалған оқиғасы кейінірек "438 күн: Теңізде аман қалудың ерекше шынайы тарихы" кітабында жазылды. Ол серіктесімен бірге балық, құстар мен медузаларды аулағанын, жаңбыр суын, тасбақа қаны мен зәрін ішкенін айтты.


 

Альваренганың айтуынша, теңізге шыққаннан кейін төрт ай өткен соң Кордоба қаза болған.

 

“Есімді жоғалтып алмас үшін оны теңізге лақтырып жібердім”, – деді ол. 

 

Алайда Кордобаның туыстары кейін Альваренгадан бір миллион доллар талап етті. Олар балықшының өзі аман қалуы үшін Кордобаның етін жегенін айтты. Альваренга тағылған айыптарды жоққа шығарып, өтірік детекторының сынағынан өтті.

 

Том Армбрустер Альваренга табылған Маршалл аралдарында АҚШ елшісі болған. Ол құтқарылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң Альваренгаммен кездескенін айтты. The Sun басылымына берген сұхбатында ол Альваренганың сөзінің растығына сенімді екенін жеткізді. Өйткені ол мұндай сынақтардан өте алатын тәжірибелі теңізші болған.


 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости