RSS лента

Қайығы сынып, теңізде үш ай өмір сүрген...

  • 19.07.2023, 20:25,
  • 607
  • 0
  • Автор:
Автор фото: 9news

Мексиканың Ла-Пас қаласынан Француз Полинезиясына жету үшін Тынық мұхитына шыққан 51 жастағы австралиялық Тим Шеддоктың қайығы сынып, итімен бірге теңізде үш ай бойы көмек күткен.

Айтуынша ер адам бұл уақыт аралығында балықтармен қоректеніп, жаңбыр суын ішіп, күнелткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 9news телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. Сәуір айында ер адам үй жануары Белламен бірге теңізге шыққан. Бірақ бірнеше апталық сапардан кейін оларды дауыл соғып, қайықтың басқаруына зақым келген.

 

Осы уақыт бойы Шеддок шикі балық жеп, жаңбыр суын ішкен. Екі жарым айдан астам уақыттан кейін оның кемесі балық аулайтын траулермен бірге өтіп бара жатқан тікұшақпен табылды.

 

Құтқарылғаннан кейін дәрігерлер австралиялықтың денсаулығы қалыпты екенін хабарлады. Оның итіне де еш зақым келмеген.

 

"Маған демалып, жақсы тамақтануым керек. Өйткені теңізде ұзақ уақыт бойы жалғыз болдым", - деді Шеддок.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости