Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 24 жастағы Рената Фадеаның күйнуі өзінен 38 жасқа үлкен. Ал күйеуі бұған дейін екі рет үйленген екен. Бір күні Рената күйеуі екі рет үйленген кездегі суреттерді көріп отырып, қонақтардың арасында өзі де барын көрген. Анықталғандай 9 жаста болғанында ол алыс туысының тойына барған екен, ал кейін сол туысына тұрмысқа шыққан. Әйел 2009 жылы болған бұл той туралы және үйленгендер туралы мүлде ұмытып кеткен. Тек 2019 жылы күйеуімен танысқан. Бұл кезде күйеуі екінші әйелінен ажырасып кеткен екен. Бір-бір ұнатқан олар үйленіп, 2023 жылы ұлдары дүниеге келді.