RSS лента

Ауылда итбалық қайдан жүр? (+видео)

  • 17.05.2024, 14:22,
  • 215
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Жуырда әлеуметтік желіде «Индер ауданының маңында жүрген-міс» деген итбалықтың бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

 



Негізінен теңізде тіршілік ететін жануардың Индер аумағынан «пайда болуы» көпшіліктің күдігін туғызғаны рас. Соған қарамастан біз Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстем Қорқытовқа хабарласып, бұл ақпараттың қаншалықты рас-өтірік екендігін анықтаған едік. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Сондай-ақ, теңіз жануарының бұрын-соңды Жайыққа келген деректері туралы сұрағанымызда инспекция өкілі кеңес кезінде 1990-шы жылға дейін қазан-қараша айларында қаланың төңірегіне дейін жеткенін растады.

 

– Ол кезде итбалықтар қыстау шұңқырына (зимовальная яма) жатуға бағыт алған көп балықты қуып, артынан еріп келетін. Бірақ Индер, Махамбет аудандарына дейін жеткен емес. Keйін қайтадан теңізге кетеді. Жалпы осындай жалған ақпараттар көп кездеседі. Кейбір бейнежазбаларда балықтардың көп келіп жатқанын жариялағанымен, аталған мекенжайға барған кезде тіпті су жоқ екеніне көз жетіп жатады, – деді Р.Қорқытов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости