Бұл туралы біз облыстық экология департаментінен сұрастырып білдік.
"2 қаңтарда Атырау облысының Жылой ауданындағы Соленое каналында балық қырылуы туралы ақпарат келіп түсті. Өзара іс-қимыл схемасына сәйкес, бұл жағдай туралы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органға жедел түрде хабарланды. Осы ақпаратты тексеру үшін 2024 жылғы 2 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы, жергілікті атқарушы орган, экология департаменті қызметкерлерінен тұратын комиссия балық қырылуы болжамды орнынға шықты. Ақпарат түскен сайын жаңартылады" делінген жауапта.