Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, оқиға орнына облыстық экология департаменті, жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығы ғылыми ұйымдары, ветеринариялық қызмет, полиция департаменті мен табиғат қорғау прокуратурасының өкілдерінен арнайы жұмыс тобы құрылып, тексеріс жүргізген.
Ал, жергілікті экологтар су мен топырақтан сынама алып, зертханалық талдау жүргізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, балықтардың өліміне табиғи құбылыс сеп болып отыр.
«Каспий теңізінің суы алыстап кетуі су маржандарының қырылуына әкеліп соққан. Ал, теңізді кейін шегінуіне қума желдің ұйтқып соғуы себеп болған. Сынама қорытындысын қосымша хабарлайтын боламыз» дейді облыстық экология департаментінің өкілі Эльнара Оралова.