Алайда, тендердің қайталап ойнатылуы себепті маса улау әдеттегіден кешірек басталуы мүмкін. Бұл туралы қалалық ТҮКШ бөлімі мәлім етті.
Жалпы, биыл өңірде дезинсекциялық жұмыстарға бюджеттен 89 285 714 теңге бөлініпті. Ал, былтыр бұл сома 50 млн 400 мың теңгені құраған болатын.
Айта кетейік, қазір қалада соңғы екі аптада масаның көбейгені байқалады.