RSS лента

Шугаринг жасаған тәрбиеші сынға қалды

  • 09.02.2024, 23:21,
  • 590
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің төсегіне жатып алып шугаринг жасатқан «Гуля апай» шектен шықты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көкшетаудағы балабақшада таңертең ата-аналар тәрбиешіге қатысты шу шығарды. Олар бейнекамерасы жоқ бөлмеде жазаланатын кішкентай балалардың шағымын дәлелдей алмай келеді екен. Одан қалды баланың кереуетіне жатып, арнайы маман шақырып шугаринг жасатқаны тіпті сұмдық дейді ата-аналар.

 

Аты аталған тәрбиеші мұның бәрін жоққа шығарды. Осы дау-дамайдан кейін ол тіпті аурухана төсегіне таңылған. Көкшетаудан жеті шақырым жердегі «Бірлік» шағын ауданында жаңа балабақша ашылғанда ата-аналардың қуанышында шек болмаған. Қазір мектепке дейінгі мекемеге 100-ге тарта бала барып жүр. Бірақ баласын есіктен кіргізіп алаңсыз жұмысына кетуге тиіс ата-анадан маза кеткен. Айтуларынша, «Балапан»тобының тәрбиешісі балақайларды өз бетінше жазалайды екен. Бір емес, бірнеше ата-ана балаларының шағымданып келетінін, тіпті екі тәрбиешінің бірі жұмыс істегенде «бармаймынға» салып жылайтынын айтып отыр. Ал мекеменің басшыларына бұл шындықты айтып жеткізе алмаған.

 

Гүлжан Қабықова, Көкшетау қаласының тұрғыны: — Апайы қызымның құлағын аямай бұрапты. «Құлағым, құлағым» деп жылады. «Гуля апай былай бұрады» деп көрсетті. Барып өзімен сөйлесіп едім, қызыма «Медина, өтірік айтпа» деп ұрысты. Қызым бармаймын деп жылайды. Арай апайына қуана барады. Дәретхана жақта камера жоқ. Бейнетаспаны алып қарап едік, бір сағат баланы отырғызып қойып, бала тұрса, қайтадан тарс еткізіп отырғызғанын көрдік. Арқасы көгерген бала да Гуля апай «қатты-қатты ұрды» деген. Осыдан кейін ата-аналар бейнекамерадағы жазбаны үш күн қатарынан қарапты. Көргендері Гуля апайдың балаларды жұлқылап, бейнекамера жоқ жаққа алып кететіні. «Осыдан кейін дәлел тауып көр» - дейді ата-аналар.

 

Ал «апайларының» істеп жүргені мынау: балалар ұйықтаса бірге ұйықтап, арнайы маман шақырып, балалар кереуетіне отырып алып аяғының жүнін қырықтырып отыр. Аяғының терісі мен тырнағын сол жерде тазалаған маман да бақшаға емін-еркін кіріп шыққан.

 

Анар Ғазизова, педагог: — Маған хабар келді осылай. Тәрбиеші нені кіргізіп шугаринг жасап жатыр деп. — Шугаринг? — Иә, мен барған кезде төсекте жатты. Мен бірнеше рет ол кісіге ескерту жасадым, балалар ұйықтап жатады, ол да ұйықтайды. «Ұйықтамаңыз, балалар тұрып кетсе немесе тағы бірдеңе болып жүрсе» дедім.

 

Суретке түсіргенде бұл мұғалім директордың уақытша қызметін атқарған. Тәрбиешіге сол жолы қатаң сөгіс жарияланыпты.

 

Раиса Жанғалиева, Көкшетау білім бөлімінің бас маманы: — Жалпы бұл тәрбиеші 13 жыл еңбек өтілі бар педагог ,эксперт. Осындай жағдайды білгеннен кейін комиссия барып тексердік. Ұсыныс жасадық, бұл кісіні жұмыстан шығару туралы. Қазіргі жағдай бойынша жұмыстан шығару мәселесі көтерілген кезде ол кісі қайта-қайта ауырып жұмыста блмай жатыр. Ата-аналар айтқан «Гуля апай», яғни Гүлнәр Қапалбаеваға хабарластық. Ауруханада жатқан тәрбиеші жоғарыда айтылғанның «бәрі жалған» деді.

 

Гүлнәр Қапалбаева, тәрбиеші: — Балаларды ұратыным — өтірік. Балаларға ешкім , ешқашан да қол көтерген емес. Ол жерде ешқандай шугаринг жасалған емес. Қызмет тексеруі болған. Оған менің хирургтан анқтамам бар. Табанымда жарақат болған ,екі табанымда. Ол кісі мені емдеген, бинтпен таңып. Бірақ жара таңуға келген маманның қолында тырнақ тазалайтын құрал бар екен. Ал тәрбиеші ауруханадан шықпайынша, оған ешкім, ешқандай жаза қолдана алмайды.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости