Қала әкімдігі бюджеттен 24 млн 628 мың теңге жұмсалғанын мәлім етті. Ал, алғашында әкімдік 53 млн теңге жұмсауды жоспарлаған екен. Алайда жаңбырлы ауа-райына байланысты кейбір аспан асты шаралар өткізілмеген. Жаңбыр салдарынан орталық алаңға құрылған мерекелік сахна бүлініп қалған.
«Қаражаттың көп бөлігі әртістерге жұмсалды. Атап айтқанда, Садраддин, Бейбіт Қорған, Бейбіт Көшқалиев, Ақтоты Болшова, «Меховая 8/1» тобы, Матин, Бейбіт Ерғалиев, Нұршат Қосанова, Мейрамбек Оразбаев және «Заман» тобы 17 млн теңгеге шақырылған» делінген әкімдік хабарламасында.
Ал, бір қызығы, жергілікті әрітстер, соның ішінде «ТОП ДЭНС» тобы мүлде тегін өнер көрсеткен.