Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Doctorpiter порталына сілтеме жасап. АҚШ және Қытай ғалымдары бірнеше мың адамның деректерін талдай отырып, қай көздің түсі тері қатерлі ісігіне көбірек бейім екенін анықтаған.
Зерттеу АҚШ-та жүргізілді. Ғалымдар тері қатерлі ісігімен ауыратын 4000 науқастың деректерін, қатерлі ісікпен ауырмаған 10 000 сау адаммен салыстырған.
Браун университеті мен Пекин университеті ғалымдарының зерттеуі нәтижесінде, ашық түсті көзді адамдардың тері қатерлі ісігімен ауыру қаупі жоғары екені анықталды.
"Қара қоңыр немесе қара көзді адамдарға қарағанда, ашық қоңыр, жасыл немесе көк көздері бар адамдарда терінің қатерлі ісігінің даму қаупі 24 пайызға жоғары. Көзінде пигменті аз адамдардың терісінде де аз пигмент болады және бұл күн сәулесінен табиғи түрде қорғайды”, - деп жазылған зерттеуде.
Ғалымдар зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, көздері ашық түсті адамдардарға әсіресе күн астында абай болуға және терісін қорғау үшін күннен қорғайтын кремдерді қолдануға шақырады. Сондай-ақ қатерлі ісік ауруын ерте кезеңде анықтау үшін тұрақты медициналық тексерулерден өтуді ұсынады.
Көздің түсі тағы нені ескертеді?
Қара көзді адамдарда катаракта пайда болуы мүмкін. Бұл жайлы зерттеулерге шолу айтады.
Қоңыр көзді адамдар диабеттік ретинопатия (қант диабетінің асқынуы) және макулярлы дегенерация (мұндай өзгерістер көз торының қабаттары ауысқанда пайда болады) сияқты ауруларға аз шалдығады.
Қоңыр көзді адамдар қартайған сайын есту қабілетінің жоғалуынан басқаларына қарағанда әлдеқайда аз зардап шегеді. Мұның нақты немен байланысты екені әлі анықталмаған.