Бұл идеяның авторы – доктор Брайан Коул. Ол вакцинацияға қарсы тұлға және екпелер иммунитетті тежейді деген ғылымға қарсы теориялардың авторы.
Ол видеода COVID-19 пандемиясы барынша көп адамды вакцинациялау үшін қолдан жасалғанын айтады. Нәтижесінде оларда қатерлі ісік пайда болады, ал фармацевтикалық компаниялар оған қарсы дәрі жасап, көп ақша табады екен.
Бұл теорияны ойға қонымсыз деп санаға бірнеше себеп бар. Біріншіден, COVID-19 пандемиясы болды. Мұны оқшауланған SARS-CoV-2 вирусы және оның анықталған геномы, аурудың таралу қарқынын талдау және т.б. ғылыми деректер дәлелдейді.
Екіншіден, COVID-19 қарсы вакциналар қатерлі ісік тудырмайды. Мұндай «жанама әсер» дәрі-дәрмектерді сынау кезінде тіркелген жоқ.
Үшіншіден, 2020 жылы шамамен есептеулер бойынша қатерлі ісіктің 1,806,590 жаңа жағдайы тіркелді. 2019 жылдың қаңтар айындағы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-та онкологиялық аурумен ауырған 16,9 миллион адам болған. Яғни, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар көп, және олар үшін ауруды басқа біреуге «жұқтыру» мағынасыз болып табылады.
Төртіншіден, қатерлі ісікке қарсы дәрі жасау жұмыстары ондаған жылдар бойы жүргізіліп келеді. Басты қиындық – қатерлі ісік түрлері өте көп және олардың әрқайсысында ерекше мутациялармен сипатталатын түрлер бар. Олардың барлығын бір ортақ дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес. Сондықтан, ақша табу үшін «тез арада» препарат әзірлеу мүмкін емес.
Демек, таралған ақпарат – дәлелденген медициналық фактілерге және объективті шындыққа ешқандай қатысы жоқ фейк және конспирология.