Гиннес рекорды кітабына сәйкес, 80 жастағы Джозефина Михалюк 1965 жылы 22 жасында қан тапсыра бастады.Ол барлығы 203 бірлік қан тапсырды. Ал қан бірлігі – шамамен 450 мл. Михалюктің айтуынша, оны алғаш рет қан тапсыруға әпкесі көндірген. Михалюктің қан тобы (o+) сұранысқа ие. Әйел өзінің қаны басқа адамдарға көмектесетініне қуанышты.