RSS лента

Өзге ғаламшар өкілдері табылды...

  • 25.03.2023, 01:21,
  • 1 127
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Telegram-да пайдаланушылар Перуде түсірілген ерекше археологиялық олжаның суреттерімен бөлісуде. Онда белгісіз нәсіл өкілдерінің мумиялары бейнеленген екен. Бұл – өтірік, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


Перуде табылған өте кішкентай үш саусақты мумиялар туралы 2016 жылы хабарланған болатын. Оны ресейлік және испан зерттеушілері зерттеген. 


Бұл белгісіз нәсіл өкілдерінің мумиялары деген теорияны ресейлік ғалым Константин Коротков алға тартты. Алайда, АҚШ, Еуропа және Перудің бірқатар басқа ғалымдары бұл гипотезамен келіспеді. Олардың пікірінше, табылған «мумияларды» қабір тонаушылар нақты адам мумияларының бөліктерінен жасаған. Бұл туралы 2018 жылы LiveScience ғылыми-көпшілік журналында жазылды. 

 

Мақалада Коротков жұмыс істеген Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің ресми өкілдері оның университетпен байланысын растау немесе жоққа шығару туралы ресми сұрауларға жауап бермегені айтылған.

 

Константин Коротковтың өзі туралы Желіде ақпарат табу қиын. Аты бойынша іздегенде онымен аттас псевдоғалымға арналған парақшалар ашылады. Ол биоэнергетика мен аураны «зерттеді», алайда бұл ресурстарда оның Перу мумияларымен байланысы туралы айтылмайды.

 

Яғни, мумияны зерттеген Константин Коротков кім? Оның тиісті білімі болды ма, жоқ па, әлде бұл телеарналар шақырған актер ма? Бұл белгісіз.


Қорыта айтқанда, табылған мумиялар тонаушылардың ісі болуы мүмкін. Бұл «олжаның» шынайылығына, әсіресе бұл белгісіз нәсіл өкілдерінің сүйектері дегенге сенуге негіз жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости