Мәтінде монархияның оралуы, жаңа әлемдік тәртіп және сионизмге қарсы күрес туралы айтылған. Мұның бәрі фейк.
Бұл мәтін бірнеше себепке байланысты шындыққа жанаспайды.
Біріншіден, Иосиф Сталин кенеттен қайтыс болды және ешқандай өсиетхат қалдырмаған. Екіншіден, Сталин әйгілі социалист және буржуазия мен монархияға қарсы болды. Бұл туралы ол өзінің «Буржуазия тұзақ құрады» атты еңбегінде жазды.
«Олар демократтар да емес, олар демократиялық республиканы жек көреді. Демек, олар патша тағын күшейтеді және шаруалармен күреседі. Сондықтан Николай II оларға жиналыс өткізуге және «партия» съезін шақыруға рұқсат берді»,- деді Иосиф Сталин буржуазия өкілдері туралы айта келе.
Жаңа әлемдік тәртіп – бұл 1950 жылдардың соңында, 1960 жылдардың басында, яғни Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін пайда болған қастандық теориясы.
Демек, таралған мәтін конспирологтар ойлап тапқан Сталинге еш қатысы жоқ мәлімет. Онда келтірілген тезистер оның пікіріне қайшы келеді, ал өсиетхаттың бар екендігі туралы дерек тарихи фактілерге қайшы келеді.