Диқандардың уақыты мен шығынын үнемдейтін құрылғыны осыдан 5 жыл бұрын жасап шығып, қажетке жарата бастаған. Жобасы нәтиже көрсеткен соң жан-жақтан сұраныс түсе бастапты.
– Бұл құрылғы негізінен қырыққабат ұрығын жылыжайға егуге арналған. Ауданымыздың көпшілігі ерте көктемнен қырыққабат егуді әдетке айналдырған. Бұл жұмыстарға сұраныс қараша, желтоқсан айларында көбейеді. Құрылғымыз өте ыңғайлы. Бір дәннен артық жібермейді. Құрылғымыздың 4 түрі бар, ауқымына қарай тапсырыс қабылдай береміз, –дейді Ырысдәулет Тәңірбергенов.
Бүгінгі таңда егін шаруашылығымен айналысатын шаруалардың жұмысын жеңілдетуге арналған құрылғыға Сарыағаш, Мақтаарал, Жетісай аудандарынан сұраныс түскен.