RSS лента

Қуат Хамитов тағы да елді дүрліктірді

  • 19.12.2021, 20:02,
  • 1 203
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Turan Times

Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған аралас жекпе-жектен Mergen Fighting Championship-2 турнирі өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жарысқа 24 спортшы қатысып, оның 12-сі Қазақстанның намысын қорғады. Негізгі жекпе-жектердің бірі танымал қазақстандық спортшы Қуат Хамитов пен атыраулық Нұрберген Шәріпов арасында өтті. Жекпе-жек үш минуттық үш раундқа есептелген. Ол екінші раундта Шәріповтің пайдасына аяқталды. Қарсыласы жарақат алып, жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Айта кетейік, «Найман» жарысқа шығар алдында дәстүр бойынша шоу-бағдарлама қойды – ол командасымен бірге халық алдына қара маска киіп шықты. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости