Спортшы жаңадан жазған бейнеүндеуінде аталған видеоны әзіл есебінде түсіргенін және ешкімді зорлық-зомбылыққа шақырмайтынын мәлімдеді.
«Біздің елде бәрі тыныш болсыншы» деді Хамитов.
Еске сала кетейік, жуырда спортшы отандастарына арнап видео түсірді. Онда ол қазақстандықтарды көшедегі дезинфекторларды ұрып-соғып, тікұшақтарға автоматтан оқ атып коронавируспен күресуге шақырды.
Бүгін, 15 қыркүйекте Хамитовтың Алматының полиция департаментіне жеткізілгені белгілі болды.
«Аталған дерек ҚР ҚК-нің 272-бабы, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Азамат Хамитов К. Алматы қаласының полиция департаментіне жеткізілді. Тергеп-тексерудің кешенді шаралары нәтижесінде аталған қылмыстық іс бойынша соңғы шешім қабылданатын болады. Азамат Хамитовтың іс-әрекетіне жан-жақты баға берілетін болады» деді аталған ведомствода.
Боже, ну что он опять несёт... ??♀️ Мне кажется или давно пора к нашим шухратоселебрити принимать меры? Конкретно здесь на несколько статей, не? Как Найман сама с таким не согласна.
Опубликовано Шолпан Али Понедельник, 14 сентября 2020 г.