RSS лента

Шлагбаумға қатысты шу шықты

  • 26.01.2026, 11:18,
  • 9
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Сот тұрғындардың құқықтарын заңсыз орнатылған шлагбаумға байланысты шектеген жағдайды қалпына келтірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Елордадағы тұрғын үй кешендерінің (ТҮК) бірінің мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы көршілес ТҮК-тің басқа бір МИБ-і шлагбаум орнатуы салдарынан тұрғындардың жүріп-тұруы шектелгеніне байланысты мемлекеттік органға жүгінген. Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, жоспардан тыс тексеру нәтижесінде мемлекеттік орган жер заңнамасының бұзылуын жою және заңсыз иеленіп алынған жер учаскесін бір ай ішінде электронды шлагбаумдар мен жол қозғалысын шектейтін өзге де құрылғыларды демонтаждау арқылы босату туралы нұсқама шығарған. Нұсқаманың орындалмауына байланысты құқық бұзушы МИБ-ге қатысты ӘҚБтК-нің 136-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Нұсқама берілген МИБ оны сот тәртібімен даулауға тырысты.

 

Соттың көшпелі отырысы барысында шлагбаумдардың талап қоюшы тарапынан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесінде, сондай-ақ тиісті құқық белгілейтін құжаттарсыз және мемлекеттік тіркеусіз ортақ пайдаланудағы жолда орнатылғаны анықталды. Аталған мән-жайларды сот Жер кодексінің 44-2-бабы 19-тармағына сәйкес жер учаскесін өз бетінше иелену деп бағалады.

 

Сот талап қоюшының өзі басқаратын МИБ шлагбаум орнатпағаны туралы дәлелдерін негізсіз деп таныды, өйткені жер учаскесін оған құқық берілмей және тіркелмей пайдалану фактісінің өзі құқыққа қайшы әрекет болып табылады. Сот талап қоюды қанағаттандыруға негіз жоқ деген қорытындыға келді, себебі жоспардан тыс тексеру заңды негізде — Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тағайындалып, жүргізілген, ал дауланып отырған нұсқама уәкілетті органмен қабылданып, заң талаптарына сай келеді.

 

Азаматтық процестік кодексінің 109-бабына сәйкес, талап қою қанағаттандырылмағандықтан, сот талап қоюшыдан жерге орналастыру маманының қатысуына кеткен шығындарды және мүдделі тұлға өкілінің шығындарын шарттармен және төлем құжаттарымен расталған 300 мың теңге мөлшерінде өндіріп алды.

 

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қоюшы тарапынан заңсыз орнатылған шлагбаумды демонтаждау туралы нұсқаманың заңдылығын растады. Сот актісі заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц