RSS лента

Тұмау таралып жатыр ма?

  • 12.11.2025, 14:10,
  • 24
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Дәрігерлер әлемдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, қазір еуропалық аймақта аурудың маусымдық өсуі байқалады. Бірақ Испания мен Ұлыбритания сияқты бірқатар ел тұмаумен ауыратындардың көбейгенін атап өтті. Еуропалық аймақта H3N2 тұмау вирусы басым және H1N1 вирусының айналымы байқалады. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.


Ресейде аурушаңдық маусымдық деңгейде де байқалады. Бірақ алдыңғы аптамен салыстырғанда тұмау ауруының өсуі байқалады және H3N2 тұмау вирусының айналымы басым. Сонымен қатар Ресей Федерациясының мамандары респираторлық синцитиальды вирустың айналымын көрсетеді. Бұл – 2 жасқа дейінгі балаларға және 65 жастан асқан адамдарға көбірек әсер ететін маусымдық вирус. 


«Азия өңірінде тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды. Ауру жағдайлары 5 апта бұрын, яғни 3 қазанда басталды. Тұмаумен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қытай, Оңтүстік Корея және Индонезия елдерінде байқалады», – деді спикер.


Оның айтуынша, америкалық аймақ аурудың маусымдық деңгейімен сипатталады. Оңтүстіктегі кейбір штаттарда тұмауға ұқсас аурулардың біршама артқаны байқалады. Бұл жағдайда екі штамм да H1N1 (PDM09) және H3N2 сияқты тең пропорцияда айналады.


Батыс, Шығыс және Орталық Азия елдері маусымға тән емес оң штамдардың көрсеткіші жоғары екенін атап өтті. Африка аймағында негізінен H1N1 тұмау вирусы (PDM09) таралады.


Сонымен қатар халықаралық сарапшылардың айтуынша, вирустардың айналымына назар аудару қажет – тұмаудан бөлек, респираторлық-синцитиальды вирус, риновирус, метапневмовирус, аденовирус сияқты басқа да тұмауға жатпайтын вирустар белсенді түрде таралуда. Яғни, қазір тұмаусыз вирустық инфекциялар маусымы байқалады және коронавирустық инфекцияның айналымы жалғасуда.


Жыл сайын елімізде 4 млн-ға дейін ЖРВИ, 2 мыңға дейін тұмау жағдайлары тіркеледі. Бұл-қалыпты жағдай. Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайды апта сайын бақылайды. Ел аумағында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық ахуал күзгі-қысқы мезгілге тән деңгейде. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
«Биыл қыркүйектен бастап елімізде ЖРВИ-дың 1 278 745 ЖРВИ жағдайы тіркелді, бұл 2024-25 жылғы эпидемиологиялық  маусымның осы кезеңімен салыстырғанда 19%-ға төмен. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 748 761 жағдай тіркелді», – деді спикер.


Биыл 30 қазан мен 30 қараша аралығында республикада 150 605 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта елде жыл сайын күзгі-қысқы мезгілде айналымда жүретін маусымдық вирустың түрі – А (H3N2) типіндегі криптің 304 жағдайлары зертханалық расталып отыр. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 173 жағдай тіркелді. Биыл тұмау циркуляциясы өткен маусымға қарағанда ертерек басталды. Алғашқы жағдайлар қазан айының басынан бері, ал былтыр қарашада тіркелді. H3N2 тұмау вирусы жаңа штамм емес, ал аурудың көріністері – әдеттегідей белгілері болады. 


«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес  ағымдағы эпидемиологиялық маусымда тұмау  вирусының үш штаммы – A (H1N1), A (H3N2) және B өзекті болады. Олардың барлығы аурудың ауыр түрлерінен қорғауды қамтамасыз ететін тұмауға қарсы вакцинаның құрамына енгізілген. Коронавирус  инфекциясы туралы айтатын болсақ, маусым  басталғалы бері 84 жағдай тіркелді», – деді бас санитариялық дәрігер.


Халықтың ең осал топтарын қорғау үшін мемлекеттік тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде бірыңғай дистрибьютор Гриппол+ вакцинасының 2,1 млн дозасын сатып алды. Бұл халықтың 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде республикада 1 919 417 адам егілген.

Вакциналау медициналық қызметкерлердің, медициналық  ұйымдардың бақылауында тұратын балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық - әлеуметтік мекемелердегі адамдар, мүгедектігі бар адамдар, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тегін негізде жүргізіледі.


Тұмауға қарсы вакциналау алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында және жеке меншік медициналық орталықтарда ақылы негізде қолжетімді. Азаматтар вакциналарды ақылы негізде алу туралы ақпаратты жергілікті денсаулық сақтау басқармаларынан біле алады.

Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында балалар мен қызметкерлердің сырқаттанушылығы мен олардың қатысуы күнделікті бақыланады. Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері жалпы білім беру ұйымдарында оқушылардың ауру жағдайлары бір сыныпта 20%-дан аспайды.


Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова күзгі-қысқы кезеңде аурудың алдын алу шараларын сақтау қажеттігін еске салды. Қарапайым әрі таныс шаралар ЖРВИ мен тұмаумен ауыру қаупін едәуір төмендетеді.
«Аурудың алдын алу үшін тұмауға қарсы уақытылы екпе алу, адам көп жиналатын жерлерде бетперде тағу, жеке гигиена ережелерін сақтау, үй-жайларды үнемі желдетіп, ылғалды тазалап отыру, эпидемиялық өршу кезеңінде халық көп жиналатын жерлерден аулақ болу, аурудың белгілері пайда болған жағдайда өзіңізді емдемеу және уақытылы медициналық көмекке жүгіну», – деді спикер баспасөз конференциясында.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц