RSS лента

Жаңадан жұмбақ вирус пайда болған ба?

  • 14.12.2023, 22:19,
  • 675
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Қазнетте Қытайдағы балалар мен ересектердің жаппай ауруы қызу талқылануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ауру белгілері – жоғары температура және өкпедегі түйіндер. Кейбір пайдаланушылардың пікірінше, бұл жұмбақ вирус, демек, COVID-19 сияқты жаңа пандемия болады. Жағдайдың мән-жайын stopfake.kz түсіндіріп өтті. Дүрбелеңге негіз жоқ. ДДҰ мен Қытай билігі бұл жедел респираторлық вирустық инфекциялардың маусымдық өршуі деп мәлімдеді.


Солтүстік Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы ЖРВИ-дің өршуі туралы 13 қарашада хабарлаған. Балалар ауыра бастады, өлім жағдайлары туралы ақпарат жоқ. Қытай дәрігерлері науқастар санының артуын ауа райының суытуымен және микроплазмалық пневмония, тұмау, коронавирус сияқты патогендердің айналымымен байланыстырады. Жалпы 7 қоздырғыш аталып өтілген.


Мамандар аурудың өршуінің тағы бір себебі коронавирустық инфекцияға байланысты шектеу шараларынан кейін иммундық қорғаныстың әлсіреуі деп отыр. Вирустың таралуына жол бермес үшін Қытайда өте қатаң карантин енгізілгені белгілі. COVID-19-ға қарсы сақтық шараларынан бас тартқаннан кейін басқа елдерде де сырқаттанушылықтың өсуі тіркелді. Мысал ретінде Сингапурды келтіруге болады, онда 2022 жылдың тамызы мен 2023 жылдың ақпанында ЖРВИ жағдайлары күрт артқан. Биыл АҚШ-та да респираторлық аурулардың көбеюі әдеттегіден ерте басталды.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қытай билігіне сауал жолдады. 23 қарашада телеконференция өтті. Қытай билігі қазан айында респираторлық ауруларды бақылау күшейтілгенін айтты. Көп жағдай анықталуы жаппай тестілеуге байланысты болар. Негізінен балалар ауыруда, өйткені олардың иммунитеті вирусқа төтеп бере алмайды. Бұл ретте ерекше немесе жаңа патогендер табылған жоқ. Бейжіңде және Ляонинде аурулар белгілі қоздырғыштардан туындаған. Ауруханалар пациенттердің ағымын бақылауда. ДДҰ Қытайға саяхаттауға немесе онымен сауда-саттыққа шектеу қоюдың қажеті жоқ деп санайды.


Тайваньның ауруларды бақылау және алдын алу орталығы аурудың шарықтау шегі Қытайдағы жаңа жылға, яғни 2024 жылдың ақпанына тура келеді деп пайымдайды. 

 

Демек, Қытайда белгісіз жұмбақ вирус пайда болды және жаңа пандемия болады деуге негіз жоқ. Мистика жоқ, балалар мен ересектер маусымдық инфекциялар жұқтыруда.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости