RSS лента

Депо қызметкері ер адамның өмірін сақтап қалды

  • 11.11.2025, 14:03,
  • 50
  • 0
  • Автор:
Автор фото: rail-news.kz

6 қараша күні Тобыл станциясында сағат 07: 45-те Қостанай вагон депосының қызметкері вагон-цистернаның астындағы жол табанынан бөгде адамды тауып алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ер адам алкогольді ішімдік ішіп, мас күйінде болған, оның жанынан спирттің бөтелкесі  табылған. "Қазақстан теміржолшысы" басылымының мәліметінше, теміржолшының қырағылығы  арқасында болуы мүмкін  қайғылы жағдайдың  алдын алуға мүмкіндік туды: зардап шегуші қауіпті аймақтан уақтылы шығарылды, оның үстіне ауа температурасының төмендігі ескерілмек.   


Ер адамның жеке басы анықталып,  жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ақпарат Тобыл станциясының желілік полиция бөліміне берілді.


"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ еске салады: теміржол көлігінің нысандары аса қауіпті аймақ болып табылады. Жол бойында, оның үстіне мас күйінде жүру адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц