RSS лента

"Форсажды көп көрген ғой" – Таразда "тентек" жүгізуші ұсталды (+видео)

  • 06.11.2025, 16:04,
  • 73
  • 0
  • Автор:
Автор фото: бейнежазбадан скриншот

Таразда мас күйдегі BMW жүргізушісі полицейлерден қашпақ болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Түнгі уақытта Тараз қаласында полицейлер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтады. Polisia.kz мәліметінше, патрульдік полиция экипажы жол қозғалысына қауіп төндірген BMW автокөлігін байқап қалған. Алайда жүргізуші полицияның заңды тоқтату талабына бағынбай, қашуға әрекеттенген. Құқық қорғау қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіні ұстаған. Тексеру барысында ер адамның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Оның әрекеті ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін еді, алайда полицейлердің қырағылығы мен кәсібилігінің арқасында ықтимал жол апатының алдын алынды.

 

Жүргізушіге көлікті мас күйде басқарғаны, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны және қарсы бағытқа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

 

Полиция тұрғындарға ескерту жасайды: мас күйде көлік басқару – адам өміріне қауіп төндіретін, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу болып табылады. Әр азамат өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости