Оның айтуынша, биылғы маусымда су айдындарында 7 адам қайтыс болған. 2-еуі - бала. Өткен жылы бұл көрсеткіш 10 адамды құрап, соның 8-і бала болған екен. Яғни, суға кету фактілері 25%-ға төмендепті.
Биыл облыста ресми түрде 46 шомылу орны белгіленгенімен, су тасқыны салдарынан олардың басым бөлігі жарамсыз болып қалған. Бүгінде тек «Малибу» жағажайы қолданыста болды. Келесі шомылу маусымында жағалауларды қалпына келтіру немесе жаңа орындарды белгілеу мәселесі қарастырылуда.
Сонымен қатар аймақта 70 қауіпті учаске анықталып, 292 тыйым салу белгісі мен 48 ақпараттық стенд орнатылды. Қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін 100-ге жуық азаматқа айыппұл салынды.
Жыл басынан бері құтқарушылар 7 адамды, оның ішінде 1 баланы аман алып қалған. Ал өткен жылы 9 адам құтқарылып, оның төртеуі бала болды.

