2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 мыңнан астам грант жоғары білімге арналған. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, конкурс қорытындысы бойынша гранттар 99% көлемінде игерілді. Ал, барлық ЖОО-на қабылдау аяқталды.
Сондай-ақ студенттердің стипендиясының мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайтылды. 1 қыркүйектен бастап, бакалаврлардың стипендиясы 52 372 теңге, педагогикалық мамандықтар үшін – 84 000 теңге, магистранттар үшін 117 098 теңге, ал докторанттар үшін 262 500 теңге болады.