RSS лента

Жатақханаларда орын тапшылығы бар ма?

  • 28.08.2025, 11:01,
  • 57
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы мәселесіне тоқталып өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оның хабарлауынша, қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар. Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында биыл пайдалануға берілді.

 

«Мысал ретінде НАРХОЗ университетін айтуға болады. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қозыбаев университеті, Алматы қаласындағы Халықаралық білім корпорациясы. Ал, жатақханалардың корпустары жайында айтатын болсақ, жаз айларында жоғары оқу орындарының 58 нысаны күрделі жөндеуден, 560-тан астам нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар оқу ғимараттары мен жатақханаларда бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл түймелері, өртке қарсы құралдар орналастырылған», – деді вице-министр.

 

Жалпы, жоғары оқу орындары жаңа оқу жылын бастауға дайын.


Өткен жылмен салыстырғанда елімізде мектеп түлектерінің саны 30 мыңға көп. Ал, грант алуға құжат тапсырғандар саны 9 мыңға артық. Осы орайда студенттерді жатақханамен қамту мәселесі әлі де өзекті болып қала береді. Мәселен, Алматы қаласында тапшылық 8 мың орынды құрайды. Олардың 6166-сы жеке меншік хостелге, 1027-сі қонақ үйлерге орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.


«Бәріңіздер білесіздер, ЖОО жанындағы жатақханалардағы орын саны шектеулі. Бірінші кезекте әлеуметтік топтар бар. Ол –жетім балалар, мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар. Ең бірінші ретте университет жанындағы жатақханадағы орындар осы тұлғаларға беріледі. Одан кейін, грантпен түскен бірінші курс студенттеріне беріледі. Себебі, жатақхана ауылдан келген, қаланы әлі білмейтін жастарға беріледі», – деді спикер.

 

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін университеттер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істеп жатыр. Осы принцип бойынша салынған 3 180 орындық 4 жатақхана іске қосылды. 2025 жылы 10 276 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарда бар.

 

Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік – жекешелік әріптестік шеңберінде жатақхана салған бизнес өкілдеріне онда тұру құнын 40 мың теңгеден асырмау міндеті жүктелді.




Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц