Қазақстанда алғаш рет Бухгалтерлік есеп және аудит саласы жұмыскерлері күні атап өтіледі. Бұл туралы ОКҚ мәлім етті. Бухгалтерлер мен аудиторлар – нақты есептің, дұрыс шешімдердің және қаржы ресурстарын жауапты басқарудың негізі. Олардың еңбегі бизнес-процестердің ашықтығын, компаниялардың тұрақтылығын және қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жұмыскерлері күні атап өтіледі. Бүгінде елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект құралдары қарқынды енгізіліп жатыр. Президент алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуға тиіс деген міндет қойды. Бұл тек технологиялық трансформация емес – AI, инновациялық платформалар мен электрондық сервистердің дамуы өмірімізді жайлы, ал экономиканы тиімді әрі ашық етеді. Сондықтан IT саласы мамандарының еңбегі Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл сала жоғары біліктілікті және үздіксіз дамуға деген ұмтылысты талап етеді.


