Жыл сайын 9 шілдеде су шаруашылығы саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Су ресурстары жүйесін дамыту мен оларға ұқыпты қарау – еліміздің басым бағыттарының бірі. Бұл сала мамандары халықты және экономиканың түрлі салаларын тұрақты сумен қамтамасыз етуде, су және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауда маңызды рөл атқарады.