Яғни, жеке меншік мектептер де «Адал азамат» бағдарламасы бойынша тәрбие жұмысын өткізеді. Бұл мектептердің тәрбие жөніндегі мамандары мен педагогтері үшін арнайы курстар өткізілді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, ата-аналар комитеттерінің қызметі де трансформациялана бастады. Ата-аналар комитеттері мектептің, ұстаздардың сенімді серіктесі ретінде тәрбие жұмысына белсенді араласып, ұрпақ тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті бөліседі. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының жұмысы одан әрі жандандырылып, мектеп – бала – ата-ана үштігінің ынтымағын нығайтуға ерекше назар аударылады.
Бағдарлама мазмұнына сәйкес бірыңғай дизайн код әзірленді. Арнайы брендбукқа сәйкес мектептің ішкі безендірілуі қолға алынды. Бұл білім ортасын үшінші ұстаз ретінде қолдануға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның 6 құндылығын айшықтайтын безендіру үлгісі әзірленді. Безендіру барысында күнделікті дағдыларды, жақсы әдеттерді қалыптастыратын суреттер мен сөздер қолданылады. Пән кабинеттері жас ерекшеліктеріне және пәннің бағыт-бағдарына байланысты безендіріледі. Қазақстанның көрікті табиғи, тарихи орындарының суреттері қолданылады. Әлемдік деңгейдегі тарихи тұлғалар, ойшылдардың бейнелері мен сөздері қолданылады.
Брендбук динамикалық құжат, әр мектеп өз ерекшелігіне, сыйымдылығына қарай безендіруде үлгілерді дербес таңдайды.
Бұл бірыңғай дизайн-кодты кезең-кезеңімен енгізу көзделген. Алдымен, құрылысы жүріп жатқан білім беру ұйымдарында қолданылады. Екінші кезекте, реновация жүргізілетін 1300 мектептің қабырғасында, үшінші кезеңде, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында барлық мектептерде қолдану ұсынылған.