Ол тегін және мессенджерлер, ата-аналарға кеңес беру пунктері және басқа да қол жетімді тәсілдер арқылы таратылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова мәлімдеді. Оның айтуынша, нәтижесінде ата-аналар мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие, даму және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша әдістемелік және психологиялық сүйемелдеу алады.
«Биыл жазда 115 мың мектепке дейінгі жастағы балалар 5,1 мың педагогтың қатысуымен 2,9 мың мектеп базасында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді курстарымен қамтылды. Синхрондау және мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету шеңберінде ақпараттық жүйеде бірінші сынып мұғалімдеріне қолжетімді баланың жеке даму картасы цифрландырылды. Бұл біздің педагогтарға әр баланың дамуының одан әрі жеке траекториясын дұрыс құруға көмектеседі», – деп атап өтті спикер.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтарының пулы 101 мыңнан астам адамды құрайды. 2020 жылдан бастап жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға, 4 жылда 100%-ға өсті. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының жалақысы тағы 30%-ға өсті. Бұл өсіммен мемлекеттік және жеке балабақшаларда 100 мыңнан астам адам қамтылды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар даярлау 119 колледжде, оның ішінде 37 мемлекеттік колледжде, 39 жоғары оқу орнында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы» бағыты бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы осы бағыт бойынша 1268 грант бөлінді.
«Министрлік Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп «Болашақ» халықаралық стипендиясының басым бағыттарының тізбесіне балаларды ерте дамыту саласындағы мамандықтарды енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 110 білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Министрлік педагогтерді курстық даярлаудың мазмұнын, құрылымын, тақырыбын және тәсілдерін түбегейлі жаңартты. Педагогтердің үздіксіз даму сапасын қамтамасыз ету шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогті курстан кейінгі сүйемелдеуді жүргізудің жаңа нысандары енгізілді», - деп түйіндеді Оқу-ағарту министрлігінің өкілі.