Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына берген жауабында туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Вице-министр атап өткендей, бүгінде «Қайрат» футбол клубымен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатыр. Билеттерді сату құқығы «Қайратқа» тиесілі, өйткені клуб негізгі тарап болып табылады.
Серік Жарасбаев билеттерді сату құқығы толығымен «Қайрат» футбол клубына тиесілі екенін айтты.
Сондай-ақ спикер билеттердің бағасы әлі анықталмағанын атап өтті. Оның айтуынша, бағаны клуб сұранысқа қарай қалыптастырады.
Естеріңізге сала кетейік, матч 30 қыркүйекте Алматыдағы орталық стадионда өтеді.