Қазақстанда әйелдер тексерілмейтін және болашақ жүктілікке дайындалмайтын жағдайлар сирек емес. Бұл ананың да, баланың да өміріне белгілі бір қауіп төндіреді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс акушер-гинекологы Гаури Бапаева мәлімдеді. Ол жүктіліктің басталуы дайындалуды қажет ететін маңызды оқиға екенін атап өтті. Витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігін уақытылы толтырудың маңызы зор, алкоголь, темекі шегу, есірткі, психотроптық препараттарды қабылдау сияқты жаман әдеттерден бас тарту ұсынылады. Диета құрсақ көтеру және бала денсаулығы үшін үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар әйелдерге жүктілікке дейін дифтерия, сіреспе, В вирустық гепатиті, қызамық, қызылша сияқты инфекцияларға қарсы екпе салу ұсынылады. Спикер Қазақстанда соңғы жылдары баланың жатырішілік дамуы кезіндегі ақаулардың диагностикасы жақсарғанын атап өтті. Мақсаты қауіпсіз босануды қамтамасыз ету болып табылатын Қауіпсіз ана болу тұжырымдамасын енгізу жалғасуда.
«Осылайша, біздің елде қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету және ұрпақтарымыздың сау болып туылуы үшін қажетті дүниенің барлығы жасалуда», – деп қорытындылады спикер.