RSS лента

Қазақстанды жасанды интеллект "жаулап" ала ма?

  • 10.06.2025, 10:08,
  • 51
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазақстандықтарды цифрлық дағдылар мен ЖИ жаппай оқыту басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2025 жылғы 10 маусымда АqylTech/ІТ-Aiel онлайн оқыту бағдарламаларына жастар мен әйелдерді тіркеу басталды. Жобалар қазақстандықтардың қаржылық және цифрлық құзыреттерін арттыруға, сондай-ақ отбасылық экономикада жасанды интеллектті қолдану бойынша оқытуға бағытталған. Бағдарламалар туралы ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, TechnoWomen КЕҰ басқарма төрағасы Азиза Шужеева ОКҚ алаңында айтып берді. Бағдарламалар Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Astana Нub халықаралық технопаркінің қолдауымен іске асырылады. 

 

«Біз бүгін AqylTech және IT-Aiel жобаларына тіркеуді бастаймыз және оны іске қосамыз. Бұл – жастардың, әйелдердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған онлайн-бағдарламалар. Бағдарламалардың мақсаты – цифрлық технологиялар, жасанды интеллект арқылы біздің өскелең ұрпақ пен әйелдердің қаржылық көрсеткіштерін жақсарту. Сондай-ақ бағдарлама промт-инжиниринг, чат-боттарды құру, ЖИ көмегімен графика сияқты жаңа цифрлық дағдыларды үйренуге мүмкіндік береді», – деді Азиза Шужеева.

 

Спикердің айтуынша, заманауи цифрлық платформалар, сондай-ақ жасанды интеллект қазақстандықтарға ақша табуға мүмкіндік береді. Жобалар шеңберінде киберқауіпсіздік және цифрлық гигиена негіздері бойынша оқыту ұйымдастырылады.

 

«AqylTech – бұл тікелей жастарға, әсіресе, ауыл жастарына бағытталған жаңа жоба. Біз ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің қолдауымен жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз және жастарды осы жобаға барынша тартқымыз келеді», – деді спикер.

 

IТ-Aiel бағдарламасы елімізде үшінші жыл іске асырылуда.

 

«Бүгін біз оларды жасанды интеллекті қолдануға үйрете бастаймыз, осылайша, әйелдер отбасымен қатар жұмысты да алып жүріп, ақша таба алады. Бүгінгі таңда бұл жобаға 5,5 мыңнан астам әйел қатысты. IT саласының мамандары емес, қарапайым әйелдердің бұл салада табысқа шыққаны жайлы жақсы кейстер мен мысалдар бар», – деп атап өтті Азиза Шужеева.

 

Оның айтуынша, AqylTech жобасы Қазақстанның барлық өңірін қамтиды. 10 мың адамды оқыту, сондай-ақ ауыл жастарын қаржылық сауаттылыққа үйрететін 100 жаттықтырушы даярлау жоспарлануда.


Елімізде жүзеге асып жатқан AqylTech және IT-Aiel бағдарламалары әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, жасанды интеллектті күнделікті тиімді қолдануды үйретуге бағытталған. Ауылдық жерлердегі студенттер мен жұмыссыз жастар AqylTech жобасына айтарлықтай қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы ОКҚ алаңында CyberBala жобасының авторы, AI PR Studio «Ozgeshe» жобасының теңқұрушысы, SheInnovator негізін қалаушы Әлия Оразымбетова хабарлады.

 

Оның айтуынша, жоба төңірегінде олардың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға ғана емес, киберқауіпсіздік тақырыбын зерттеуге де ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушылар бюджетті жоспарлау мен қарыздық шеңгелден шығуға, яғни артық кредиттік жүктемесінен арылу тәсілдерін меңгереді. Сонымен қатар жоба қатысушылары өзінің ІТ әлеуетін жетілдіріп, чат-боттар мен бейнеанимациялар жасап, промпт-инжениринг негіздерін үйренеді.

 

«Сабақтар онлайн форматта қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Жоба аясында Түркістан, Шымкент, Астана және Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында тегін офлайн workshop өткізіледі. AqylTech және IT-Aiel – бұл тек жай ғана оқу емес, өмірді өзгертуге арналған жобалар», – деп түйіндеді спикер.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц