RSS лента

Астанада Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтті

  • 19.06.2023, 17:30,
  • 459
  • 0
  • Автор:
Автор фото: mazhilis_kz

Астанада БҰҰ мен ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Инновациялар мен технологияларды дамытудағы әйелдердің рөлі» тақырыбында Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысы өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР Парламентінің Мәжілісіне сілтеме жасай отырып. 

Мәжілістің хабарлауынша, іс-шарада Қазақстанның Орталық Азиядағы әйелдер диалогына төрағалығы басталды. Оған Қазақстан мен Өзбекстан Парламенті палаталарының спикерлері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.


Ерлан Қошанов Орталық Азия елдерінде цифрлық гендерлік алшақтықты жою басым бағыт болуы керектігін атап өтті.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің даму деңгейі әйелдердің қоғамдағы мәртебесімен өлшенетінін талай рет айтты. Бүгінгі кездесу әйелдердің осы өңірдегі елдердің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне қатысуын жан-жақты кеңейтуге ықпал етеді деп сенеміз. Осы орайда заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар гендерлік теңдік үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді төраға.


Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Аида Балаева, БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі Мирослав Енча сөз сөйледі.


Сессияға ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева жетекшілік етті. Ол Орталық Азиядағы әйелдер диалогындағы Қазақстан төрағалығының басымдықтарына тоқталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости