RSS лента

Қазақстан халқының саны 20,3 млн адамды құрады

  • 02.06.2025, 11:30,
  • 49
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 353 265 адамды құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жыл басынан бері халықтың жалпы өсімі 69,8 мың адам болды. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 63,4 мың адамға, көші-қон есебінен – 6,3 мың адамға. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны елордада байқалды. Астана халқының саны көші-қон ағындары есебінен артып келеді. Мәселен, елорда тұрғындарының саны жыл басынан бері 29,7 мың адамға өсті, оның 78,3%-ы көші-қон есебінен. Жыл басынан бері көші-қонның оң сальдосы 5 өңірде – Алматы және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда – Астана, Алматы және Шымкентте байқалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц