Ішкі көші-қон көлемі 2021 жылы 2,6 млн адамға дейін ұлғайды
- 20.11.2023, 10:47,
- 290
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: Pavel Mikheyev_Reuters
Қазақстандықтар Алматы қаласына (357,9 мың адам), Алматы облысына (286,1 мың адам) және Астана қаласына (283,5 мың адам) көп қоныс аударған, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бюро мәліметінше, Қызылорда және Атырау облыстарына халықтың ең аз саны – тиісінше 72,9 мың және 72,5 мың адам көшіп барған.
Бұл ретте, өз елдімекенінен көшіп кетушілердің ең аз саны Маңғыстау облысында (71,8 мың адам), ал керісінше тұрғындары көп көшіп кеткендер саны бойынша Алматы облысы көш басында – 307,8 мың адам.