Сегодня - 27 июля 2025 г 
 
RSS лента

Қазақстандықтар тегін заң көмегін ала алады

  • 26.05.2025, 09:22,
  • 76
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

30 мамыр күні Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Әділет министрлігінен білгеніміздей, кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.


Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі. Ұйымдастырушылар - ҚР Әділет министрлігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.


Акция өтетін орындар туралы ақпаратты https://lp.prg.kz/kk/narod-jur-2025/ сайтынан алуға болады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости