Баспасөз қызметінен білгеніміздей, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ басшысының қатысуымен жемқорлықтың жүйелі фактілері ашылды. Шенеунік Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Абай және Жетісу облыстары бойынша филиалдарының басшыларынан қызметтегі жалпы қамқорлығы және олардың мүддесі үшін іс-қимыл жасағаны үшін бірнеше рет пара алу бойынша күдікті. Соттың санкциясымен күдікті үй қамағына алынды.
Сонымен бір мезгілде тергеу шеңберінде пара беру фактілері бойынша Республикалық мемлекеттік мекемесінің аталған филиалдары басшыларының жауапкершілігі туралы мәселе қаралатын болады. Тергеу жалғасуда.