Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
- 12.02.2024, 16:40,
- 224
- 0
- Автор:
Turan Times
Автор фото: pixabay.com
Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Turantimes.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.
Ол облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.