RSS лента

Белгілі журналист қайтыс болды...

  • 22.05.2025, 21:00,
  • 175
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

48 жасында қазақстандық спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден озды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаралы хабарды «Qazaqstan» телеарнасы жеткізді.


Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Корпорация ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости