RSS лента

Олимпиаданы отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді

  • 17.07.2024, 09:01,
  • 134
  • 0
  • Автор:
Автор фото: gov.kz

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Жазғы Олимпиаданы Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстандықтар Олимпиаданы «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан көре алады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 

Айтулы спорт додасын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

 

Париж Олимпиадасына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиаданың сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

 

Жазғы Олимпиада кезінде «Қазақстан телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

 

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости