Алаяқтар сіздің ақшаңызға немесе деректеріңізге қол жеткізу үшін сатушылар, сатып алушылар, банк қызметкерлері және тіпті жақын адамдар ретінде жасырын әрекет етеді.
Біріншіден, алаяқтық қарапайым хабарландыруынан басталуы мүмкін. Адам сол бойынша хабарласады, ақша аударады да, ақырында қаражатсыз қалады.
Екіншіден, алаяқтар өздерін банк немесе полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, жиі қоңырау шалады. Олар сенімді сөйлейді, қауіп-қатер төндіріп тұр деп сендіреді және жылдам әрекет етуге шақырады.
Үшіншіден, жалған инвестициялар белсенді қолданылады: олар оңайтабыстабуғауәде береді, салым салудынемесебанктікқосымшаға кіруге мүмкіндік беруді ұсынады.
Кейбір жағдайда алаяқтар фишингті – жалған сайттар мен хаттарды пайдаланады, олардың бір қарағанда ресми сайттардан айырмашылығы жоқ. Адам сілтеме бойынша өтіп, деректерді енгізеді, нәтижесінде шотқа кіруге мүмкіндік беретін барлық ақпарат қылмыскерлердің қолына түседі. Сондай-ақ, мессенджерлердегі «достардан» хабарламалар келуі мүмкін – олар қарызға ақша сұрайды, ұтыс ойынына қатысу немесе сауалнамаға жауап беруді өтінеді, содан кейін шоттағы ақша есептен шығарыла бастайды.
Өзіңізді қорғау үшін, ең алдымен, цифрлық гигиенаны сақтау керек. Ешқашан SMS кодтарын, құпия сөздерді және карта деректемелерін жібермеңіз. Логинді немесе кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын міндетті түрде тексеріңіз. Қосымшаларды тек ресми дереккөздерден жүктеп алу керек. Ал бастысы, егер сізге қысым жасалып жатқанын сезінсеңіз немесе сізді асықтырып жатса, ақша аударуға асықпаңыз.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
SMS кодтарын, PIN кодтарын, картадан CVV және басқа деректерді ешкімге хабарламаңыз.
Логин мен кілт сөзді енгізбес бұрын сайттың мекенжайын тексеріңіз.
Күдікті хабарламалардан сілтемелерге өтпеңіз.
Қосымшаларды текресми платформалардан жүктеңіз.
Ешқашан қысыммен ақша аудармаңыз – тіпті қоңырау шалушы өзін полиция қызметкері немесе банк қызметкері ретінде таныстырса да.
Барлық операциялар бойынша SMS ескертулерін орнатыңыз және кредиттік тарихты тексеріңіз.
Құрбан болған жағдайда не істеу керек?
Егер сіз ақшаны немесе деректеріңізді берсеңіз – дереу банк пен полицияға хабарласыңыз. Неғұрлым жылдам әрекет етсеңіз, қаражатты қайтаружәнеқылмыскерлерді тоқтату мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.