Сегодня - 02 апреля 2025 г 
 
RSS лента

Желіде тараған сурет жұрттың жағасын ұстатты...

  • 27.03.2025, 18:03,
  • 114
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық ПД

Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желіде Мемлекеттік туға арабша жазу жазып суретке түскен қара жамылғандарға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

"Мына фото Атыраудағы мұз сарайында түсірілген дейді. Қара жамылғандар көк байрағымызға арабша бірдемелерді жазып алған. Бірақ фотоның түпнұсқа екеніне дәлел жоқ. Фотошоп болуы да ықтимал деп жатыр. Енді осының анық-қанығын полиция тексеруге кірісіпті. Егер, ақпарат расталса, елдің батысы жат діннің жетегінде кеткендердің ордасына айналды деген сөз" делінген журналистің инстаграм-парақшасындағы постта.


Әлеуметтік желіде таралған  жазба бойынша мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Таралған жазбадағы төрт күдікті де анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардың екеуі жасөспірім болғандықтан, ата-анасының қатысуымен жауап алынуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц