RSS лента

Жалдамалы пәтерде ағасы мен інісі есірткі сақтаған

  • 27.01.2025, 15:16,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Атырау облыстық ПД

Бір келіден астам есірткі сақтаған ағалы-інілі күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, Атырауда жалдамалы пәтерлердің бірінің иесі полиция көмегіне жүгініп жалға алушылардың пәтерақы төлемей және пәтер есігін ашпай жатқанын хабарлаған. Мән-жайды анықтау үшін пәтерге келген учаскелік полиция инспекторлары күдікті әрекеттерді байқаған. Пәтердегі екі ер адамның бірі керуетке зат жасырып, екіншісі терезеден зат лақтырып күдік тудырған. Тексеру нәтижесінде керует астынан төрт зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі табылып, тәркілеген. Жедел-тергеу тобы мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шақырылып, терезеден лақтырылған киім қалтасынан тағы бір зип-пакетке оралған синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдіктілер 25 және 19 жастағы ағалы-інілілер екені анықталды. Күдіктілердің есірткіні қайдан алғаны және оны кейін қайда таратпақ болғандары тексерілуде. Оларға қатысты қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары басталды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости