Америкалық компания сатылмаған планшеттерді тастағысы келмей, оларды тегін таратпақ екен. Бұл – онлайн алаяқтардың ісі.
Amazon ірі халықаралық электрондық коммерция платформаларының бірінің ресми сайтында Қазақстанда өтіп жатқан тиісті акция туралы ақпарат жоқ.
Неліктен сауалнамадан өткені үшін берілетін сыйлық туралы хабарлама сіздерді алаңдатуға тиіс? Себебі сұрақтарға компанияның ресми ресурсында емес, үшінші тарап сайтында жауап беру керек. Фишингтік сайт алаяқтардың ойын іске асыру үшін әдейі жасалған. Тіркелуге арналған жолдарға енгізілетін барлық деректер киберқылмыскерлерге көрініп тұрады. Осылайша олар сіздің банктік карталарыңызға және жеке ақпаратыңызға қол жеткізеді.
Сауалнамадан өткені үшін сыйлықтар мен ақша беру – бұл онлайн-алаяқтар қолданатын ең кең таралған схемалардың бірі. Оларды қалай тануға болатыны туралы біз өз сайтымызда бірнеше рет жаздық.