Бұл - citizensec.kz және nomadguard.kz порталдары. Ведомство басшысы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында атап өткендей, порталдарды іске қосуға мемлекеттің қаражаты жұмсалған жоқ. Бұл – жеке бастамалар. Бұған дейін елде бір ғана fingramota.kz порталы болған, онда банк секторында қолданылатын барлық ықтимал алаяқтық схема жинақталған.
Сондай-ақ ЦДИАӨМ өкілі Әкімшілік кодекске бұзушылықтардың ескіру мерзімі және ол үшін қарастырылған айыппұл мөлшерін 2-3 есе ұлғайтуды көздейтін түзетулер енгізу туралы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар ведомство халықтың ІТ- сауаттылығын арттыратын тегін білім беру курстарын өткізу құзыретін алуға ниетті. Цифрлық ведомствоның және ІІМ Қоғамдық кеңестерімен де үлкен жұмыс атқарылып жатыр.